Еуропалық ел отанына өз еркіме оралғысы келетін босқындарға қомақты қаражат ұсынады
Еуропалық ел отанына өз еркіме оралғысы келетін босқындарға қомақты қаражат ұсынады
19 күн бұрын 826 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Швеция билігі отанына оралғысы келетін мигранттарға 34 мың доллар төлеуге бел буып отырғанын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде AFP ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Швеция демократтары ұсынған заң жобасына сәйкес елден өз еркімен кеткен мигранттар, босқындар мен баспана сұраушылар 2026 жылдан бастап 350 000 крон (шведтердің төл ақшасы) мөлшерінде төлем ала алады. Аталған скандинавия елінің көші-қон министрі Йохан Форсел: «Біз қазір көші-қон саясатының бағытын өзгертіп жатырмыз», деп мәлімдеді. Қазіргі уақытта мигранттар Швециядан өз еркімен кеткені үшін де сыйақы ала алады, алайда, ол салыстырмалы түрде аз – ересек адам үшін 10 000 крон және бала үшін 5 000 крон, ал отбасы үшін 40 000 кроннан аспайды. «Грант 1984 жылдан бері бар, алайда, мұны білетіндердің қарасы аз, сондықтан оны бірнеше адам ғана пайдаланды», - деді Швеция демократтарының өкілі Людвиг Асплинг. Оның пікірінше, төлемді көбейтіп, ол туралы ақпарат таратқаннан кейін, мигранттардың көпшілігі бұл мүмкіндікті жіберіп алғысы келмейді, яғни, оны пайдаланатын болады. Әсіресе, ұзақ уақыт бойы жұмыссыз жүрген немесе табысы аз мигранттар қомақты қаражатқа ие болу үшін бұл мүмкіндікті пайдалануы тиіс. Осы орайда мигранттардан құтылғысы келетін  кәрі құрлықтағы кейбір мемлекеттерде мұндай гранттар бұрыннан барын айта кетпекпіз: Данияда елден кеткені үшін адам басына 15 000 доллар, Норвегияда 1 400 доллар, Францияда 2 800 және Германияда 2 000 доллар төлейді.

Премьер-министр Швеции Ульф Кристерссон и министр иностранных дел Мария Малмер Стенегард. Фото AFP

Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон мен сыртқы істер министрі Мария Малмер Стенегард. Фото AFP
0 пікір
Мұрағат