|
Бір ғана адамнан тұратын отбасылар саны көбейіп келеді
|
Оңтүстік Кореяда бір ғана адамнан тұратын отбасылар саны көбейіп келеді . Жылдан жылға. Жақын болашақта мұндай отбасылар аталған елдегі отбасылардың жалпы санына шаққанда 30%-ға жетпек. Бұл жайында Yonhap News ақпарат көзі таңғы шық елінің статистикалық қызметі келтірген дерекке сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Жарияланған мәлімет бойынша Кореядағы бір ғана адамнан тұратын отбасылар негізінен жасы 65-тен асып кеткендер арасында көптеп кездеседі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша мұндай отбасылар саны 5,78 млн-нан асып кеткен. Бұл оның алдындағы жылмен (2017) салыстырғанда 3,1%-ға көп. Яғни, бір ғана адамнан тұратын отбасылар саны елдегі отбасылардың жалпы санына шаққанда 0,5%-дан 29,2%-ға артып кеткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті