|
Бір ғана елде Эболадан өлгендер саны мың жарым адамнан асып кетті
|
Африка құрлығындағы Конго демократиялық республикасында Эбола індетінен 11 айдың ішінде, яғни, бір жылға таяу мерзім аралығында 1600 адам опат болған. Бұл жайында Daily Monitor Uganda ақпарат көзі аталған елдің денсаулық сақтау министрлігі келтірген дерекке сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Соңғы мәліметке қарағанда, шілде айының 4-не дейінгі аралықта Эбола індетін 2382 адамның жұқтырғаны анықталған. Олардың 1606-ы бұл күнде бақилық болған. Эбола індеті аталған елдің аумағында өткен жылдың тамыз айында бас көтерген еді. Бұл 2014-2016 жылдар аралығында Либерияда, Гвинеяда және Сьерра-Леонда 11300 адамның өмірін жалмаған Эбола індетінен кейінгі ең ірі індет ошағына айналып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ыстық суда өсіп, биология заңдылығын жоққа шығаратын тіршілік иесі анықталды (видео)
■
Биоинженерлер кәрі жасушаларды жасартудың жолын тапты
■
Банк туралы заң жобасынан ислам ипотекасына жол ашатын норма түсіп қалған — Ләззат Ибрагимова
■
Араб елінің қолөнері мұхит асып жатыр
■
Жарылғыш көпіршіктермен іске қосатын микроботтар жасалды (видео)