Бір ғана елде тырысқақтан өлгендер саны 700 адамнан асып кеткен
Бір ғана елде тырысқақтан өлгендер саны 700 адамнан асып кеткен
5 жыл бұрын 1949 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осы жылдың бас кезінен бері, яғни, 2019 жылдың басынан тырысқақ індетінен соғыс жүріп атқан Йеменде 705 адам опат болған. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысының ресми өкілі Фархан Хак мәлім етті. Қолдағы бар мәлімет бойынша биылдың өзінде тырысқақты 460 мың адамның жұқтырғаны анықталған. Олардың шамамен 200 мыңы балалар. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда анағұрлым жоғары - 2018 жылы 380 мың адам тырысқақ індетіне шалдыққан болатын. Сондай-ақ, осы дерттыен өлгендер саны да өткен жылғына қарағанда бірнеше есеге артып кеткен - 2018 жылы аталған індеттен 75 адам көз жұмған еді. БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі биыл аталған індеттен адамның көптеп өлуін сел-тасқыннан көріп отыр. Аталған індет су арқылы таралып, талай адамның ажал құшуына себепші болған. 

0 пікір
Мұрағат