Бір жылға жетпей бір ғана елден Эбола індетінен қанша адам қырылды
Бір жылға жетпей бір ғана елден Эбола індетінен қанша адам қырылды
5 жыл бұрын 1993 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Африка құрлығында орын тепкен Конго демократиялық республикасында өткен ылдың шілде айынан бері Эбола індетінен опат болғандар саны 1300 адамнан асып кеткен. Бұл жайында аталған елдің денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті. "Мамыр айының 29-ы күнгі жағдай бойынша 1945 адам жұқтырғаны тіркелсе, олардың 1851-де аталмыш дерттің бары анықталған және 94-і осы дертке шалдығуы ықтимал, оның ішінде қаза тапқандары - 1302, ал емделіп жазылғандары - 512 адам",- деп айтылған аталған елдің денсаулық сақтау министрлігінің Twitter әлеуметтік желі парақшасында. Жергілікті Actualite ақпарат көзі таратқан хабарға қарағанда, Конгодағы Эбола індетіне шалдыққандарды емдеуші денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінің саны өткен жылдың аз мезгілінен бері 108 адамға жеткен, олардың 36-ы аталған індеттен ажал құшты. Тағы бір мәрте естеріңізге сала кетсек, Эбола індеті аса өткір вирустық инфекция. 2015 жылы Африканың батысында, дәлірегі, Гвинея, Либерия және Сьерра-Леон елдерінде өршіп, талай адамның ажалына себепші болған індет.

0 пікір
Мұрағат