|
Бірер жылдан соң Сеулдің барлық ауданында тегін Wi-Fi орнатылады
|
2022 ылға қарай Оңтүстік Корея астанасының барлық ауданында тегін Wi-Fi іске қосылады. Бұл жайында KBS ақпарат көзі аталмыш қала басшылығының әкімшіігіне сілтеме асай отырып хабар таратты. Осылайша Сеул билігі коммнуикациялық компания ресурсын жалдаудан бас тартып, Smart Seoul Network деп аталатын өзінің жеке байланыс желісін құрмақшы. Сеул басшылығы хабарлағандай, байланыстың жаңа желісін құрарда Wi-Fi 6 жаңа стандартын пайдаланады. Бұл өз кезегінде байланыс жылдамдығын, қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек, аталмыш желіге заттар мен бұйымдар интернеті қосылады: «ақылды» фонарлар, тұрақтар, т.б. полицияға дер кезінде төтенше әрі қауіпті жағдайларды дер кезінде хабарлап отырады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Таяу Шығыста террористік ұйым деп танылған қозғалысқа Белгияда басқаша баға берілді