|
Биылғы Нобел сыйлығы медицинада жасушаға қатысты жаңалыққа берілетін болды
|
Медицина бойынша аса беделді халықаралық сыйлыққа ие болғандар есімі белгілі болды. Биыл медицина саласынан Нобел сыйлығы жасушаның оттегі әсерін қалай сезінетіндігін ашқан Уильям Келинге, Петер Ратклифке және Грегг Семенцке беріледі. Бұл жайында кеше, яғни, қазан айының 7-сі күні Стокгольм қаласында Каролин медицина институты жанындағы Нобел комитеті жария етті. Әлемдегі аса беделді марапатты әдеттегідей 1833 – 1896 жылдар аралығында өмір сүрген, осы сыйлықты тағайындап кеткен кәсіпкер әрі өнертапқыш Альфред Нобелдің туған күнінде – желтоқсанның 10-ы күні салтанатты жағдайда Осло қаласында табыс етеді. Нобел сыйлығының мөлшері 9 млн швед кронды (950 мың долларды құрайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)