|
Бітімгершіл әйелдердің бүкіл әлемдік желісі болады
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінен бітімгершіл әйелдердің бүкіл әлемдік желісін құру туралы бастама көтерілді. Дәлірегі, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде сөз алған Германия федеративтік республикасының қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйен осындай ұсыныс жасады. Осылай дей келе ол әлемдегі бейбітшілікті сақтауға әйелдердің қосар үлесінің маңызын атап өтті. Екінші жағынан, аталмыш бастама жүзеге асырылса, өмірлік ситуацияларда әйелдердің құқығын кеңейту бағытында да үлкен қадам жасалатынын атап өтті.

Германия федеративтік республикасының қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйен

Бітімгершіл күштер сапындағы қазақ әйелі