|
Биыл әйелдер алғаш рет қамқоршысынсыз қажылыққа келді
|
Биыл әйелдер қасиетті сапарға махрамсыз (яғни, қамқоршысынсыз, дәлірегі, күйеуінсіз немесе жақын туысынсыз) аттанды. Бұл жайында islam.kz порталы Barron's ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудияның қажылық министрлігінің бұл бағыттағы рұқсатынан кейін кез келген жастағы әйел қажылық парызын өз бетінше өтейді. Тек бір шартпен – қандай да бір топтың құрамында болуы тиіс (мәселен, өзімен бірге қажылыққа келгендер құрамында). Саудия билігі әйелдер қажылығына қатысты мұндай шешімді өткен жылы қабылдаған болатын. Бұрын 45 жасқа жетпеген әйелдер қажылығын бауырын, әкесін, ұлын немесе күйеуін ертіп әкеліп өтей алатын еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Ғалымдар сегізаяқты жасыруға көмектесетін қабілетті қайталауға мүмкіндік беретін пигментті өндірудің жолын тапты
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемдегі ең автократиялы елдің қалта телефоны тек хабарласу құралы ғана емес, сонымен бірге, тыңшылық ету құрылғысы (видео)
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)