Биыл Орта Азияда туу көрсеткіші күрт төмендеп кетті
Биыл Орта Азияда туу көрсеткіші күрт төмендеп кетті
8 сағат бұрын 113 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2026 эылдың алғашқы жартысынжа аталған аймақтың төрт елінде, атап айтқанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда және Тәжікстанда барлығы 711,3 мың бала дүниеге келген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға кем. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Anhor дерек көзіне жөн сілтеген forbes.kz сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркіменстан бұл тарапта ақпарат бермегендіктен ескерілмеді. Ең елеулі кері көрсеткіш абсолюттік мәнде Өзбекстанға тиесілі. Туу көрсеткіші Орта Азияның өзге елдерімен салыстырғанда көп азайған. Аталған елдің ұлттық статистика комитетінің мәліметі бойынша қаңтар-маусым айларында республикада 373,4 мың туу дерегі тіркелген, ал бір жыл бұрын осы аралықта 405,5 мың бала өмірге келген. Осылайша, туғандар саны 32,1 мыңға немесе 7,9% -ға қысқарған. Қазақстанда да осындай динамика байқалды. Ұлттық статистика бюросының мағлұматынша, 2026 жылдың бірінші жарты жылдығында елімізде 149,8 мың бала дүниеге келді. Бір жыл бұрын көрсеткіш 161,2 мыңды құраған – төмендеу деңгейі шамамен 11,4 мың немесе 7,1% -ды құраған. Өңірдің басқа екі елінде, керісінше, туу көрсеткіші сәл көтерілген. Тәжікстанда - 121,8 мың, бұл шама өткен жылмен салыстырғанда 0,9% -ға көп. Қырғызстанда - 66,3 мың, өсім шамамен 2% -ды құрады. Бұл өсім өңірдің басқа елдеріндегі құлдыраудың орнын толтыра алмады.

0 пікір
Мұрағат