Биылғы табиғи апаттардан келген шығын мөлшері жарияланды
Биылғы табиғи апаттардан келген шығын мөлшері жарияланды
1 жыл бұрын 1052 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2022 жылы табиғи апаттардан келген экономикалық шығын 260 миллиард долларға жетті. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дүлей дауылдардан, жойқын су тасқындары мен өрттердің салдарынан әлемдік экономикаға келген зиян туралы деректі әлемдегі ең ірі сақтандыру компанияларының бірі Swiss Re сарапшылары келтіріп отыр. Сарапшылар бұл бағыттағы осы жылғы көрсеткіш 2021 жылғы көрсеткіштен 11 пайызға аз екенін, алайда, соңғы 10 жылдағы орташа мәннен (207 миллиард доллар) жоғары екенін атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, ең «қымбат» табиғи апат АҚШ-тың Флорида штатында қыркүйекте болған «Иан» дауылы - оның салдарынан орын алған залалға байланысты сақтандыру төлемдері 50-65 миллиард долларға бағаланады. Бұл 2005 жылғы Катрина дауылынан кейінгі ең үлкен сақтандыру сомасы деуге болады. Swiss Re өкілі Мартин Бертогтың айтуынша, табиғи апаттарға ең алдымен жаһандық жылыну қарқынының артуы мен оның салдары – климат өзгерісі себеп болып отыр.

0 пікір
Мұрағат