Әлемнің 3-ші экономикасы азиялық ел болады – сарапшылар
Әлемнің 3-ші экономикасы азиялық ел болады – сарапшылар
1 жыл бұрын 1638 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үндістан Жапония мен Германияны басып озып, әлемдегі үшінші ірі экономикаға айналады.  S&P Global (қаржылық және бизнес қызметін ұсынатын америкалық медиа холдинг) және Morgan Stanley (америкалық қаржы конгломераты) осындай  болжам жасап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы CNBC ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. S&P Global ұйымы 2030 жылға қарай Үндістанның номиналды (атаулы) жалпы ішкі өнімі 6,3 пайызды құрайтынын алға тарса, ал  Morgan Stanley Үндістанның жалпы ішкі өнімі 2031 жылға қарай қазіргі деңгейінен екі есеге артады, деп есептейді. Morgan Stanley сарапшылары баяндамасында: «Үндістанда өндіріске инвестиция құю, энергетикаға басымдық беру және озық цифрлық инфрақұрылымы есебінен экономикалық серпіліс пен секіріс жасайды», - деп жазады. Бұл тарапта S&P болжамы елдің сауда мен қаржылық ырықтандыруды жалғастыруға, еңбек нарығын реформалауға, инфрақұрылым мен адами капиталға инвестиция тартуға дайындығына негізделген. Үндістан таяу келешекте инвестиция орталығына айналуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. «Үндістанның артықшылықтары - арзан жұмыс күшінің көптігі, өндіріс шығындарының төмендігі, инвестицияға ашықтығы және тұтынушылық қабілетінің жоғарылауы», - деді Economist Intelligence Unit аға талдаушысы Сумеха Дасгупта.

0 пікір
Мұрағат