|
Бұқалар 8 адамды таптап, жаралады (видео)
|
Перудің Уанкавелика қаласында жаңа жыл күндері бұқалардың қатысуымен дәстүрлі фестиваль өтті. Қызыл түс көрсе қаны қайнайтын ашулы жануарлар бұл жолы ешкімді аямады. Қамақтан атып шығысымен-ақ ол қызықты тамашалауға келгендерге ұмтылып, бірнешеуін мүйізінен асыра лақтырған. Әбден іші пысқан жануар кейбіреуін аша тұяғымен таптап, зәре құтын қашырды. Көңіл көтеру үшін ұйымдастырылатын фестиваль кезінде кем дегенде сегіз адам бұқадан таяқ жеп, жарақат алып қайтты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудияда «Жаңа мұсылман» деп аталатын жаңа цифрлы карта іске қосылды
■
Еуропа елінде алғаш рет шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін студенттер жатақанасы ашылды
■
Tether алтын белгісі (XAU ) шариғат талаптарына сәйкестік сертификатына ие болды
■
Адамның қанша ғұмыр сүретінін айқындайдын ең басты ағза аталды. Ол жүрек емес...
■
Биыл екі мұсылман елі арасындағы халал сауда деңгейі 29 млрд доллардан асады