|
Чаплиннің мәлімдесі
|
Протоиерей Всеволод Чаплин эфирден православтық қаржы жүйсін құруға шақырып, арнайы мәлімдеме жасады.Оның айтуынша, ел тұрғындары бүгінгі қаржы мекемелерінің, дәлірегі, банк жұмыстарына көңілдері толмайды. Несие қамытын мойнына кигендер жүз мыңдап саналады. Ол банк өнімдерінің адамгершілік қағидаларына (былайша айтқанда, діни үкімдерге) негізделуі керектігін алға тартты. Оның сөзіне қарағанда, жобалық қаржыландыру, пайызсыз демеуқаржы беру немесе ставкасы аз несие тетіктерін пайдалану керек. «Біз өсімқорлықтан неғұрлым алыстасақ, экономикамыз ғана емес, сонымен қатар, қоғамымыз да соғұрлым сауығып сала береді»,- деген Всеволод Чаплин «ақшадан ақша жасау» жүйесінен бас тартуға үндеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды