Дәрігері жоқ емхана ашылды
|

Қытайдың Шанхай қаласындағы Synyi AI медициналық техника компаниясы Сауд Арабиясында әлемде тұңғыш рет дәрігері жоқ емхана ашты. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада науқастарды өзі қарап, ауруын анықтап, өзі рецепті жазып беретін, осылайша дәрігерді алмастыра алатын жасанды зердемен жабдықталған емхана турасында сөз болып отыр. Жасанды зерде әзірге тек 30 респираторлық аурулар (демікпе, фарингит, т.б.) бойынша пациенттерді қабылдай алады. Болашақта АІ қарайтын аурулар тізімі 50-ге дейін кеңейтіледі. Ерекше жоба әл Ақса ауданында қолға алынған. Almoosa Health Group компаниясының атсалысуымен. “Дәрігер Хуа” деп аталатын виртуалды дәрігерге пациенттер планшет арқылы қандай ауру мазалайтынын айтып береді, ал алгоритм олардың шағымын нақтылайтын болады, бейнесін талдаудан өткізеді (мәселен, ЭКГ; рентген, т.б.) және қандай ем-дом қолдану керектігін шешеді. Адам дәрігер тек төтенше жағдайларда ғана араласады. Аталмыш жобаның алғашқы кезеңіндегі жасанды зерденің бұл бағыттағы қателігі 0,3%-ға жетер-жетпес деңгейде болған. Қытайдың жоғары технологияға негізделген Synyi AI секілді медициналық компаниялары Таяу Шығыс нарығына шығуда. Мысалы, кейбір компаниялар гендік терапия және теледиагностика саласында Еуропамен ынтымақтастық орнатқан, ал XtalPi компаниясы Біріккен Араб Әмірлігінде АІ зертханасын салып жатыр. Саудия аумағында және Таяу Шығыс аймағында батыл жобаларымен көзге түскен Synyi AI компаниясы 2016 жылы құрылған: қытайдың 800-ден аса медициналық мекемесімен ынтымақтасқан. АІ технологиясын әзірлеу, деректерді басқару және ғылыми зерттеулерге атсалысу бағытында. Аталған компанияның Саудиядағы бұл жобасы алғашқы халықаралық тәжірибесі. Жасанды зерде дәрігер маман тапшы шалғай өңірлер мен өлкелерде маңызды рл атқарады.




