|
Түркия Қара теңізден газдың тағы бір кенішін тапты
|
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түрік мамандарының Қара теңізден аса ірі газ кенішін тапқанын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркия басшысының мәлімдеуінше, Қара теңіздегі жаңа газ кеніші «Гектеп-3» ұңғымасынан табылған. Қоры – 75 млрд текше метр. Бұл кеніштегі газ қоры 30 мдлрд долларға бағаланып отыр. Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, бұл кеніштегі газбен түріктердің үй шаруашылығын үш жарым жыл қамтамасыз етуге жетеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды