|
Дубайда ең жылдам жедел жәрдем жұртшылықтың назарына ұсынылды
|
Ukrautoportal.com ақпарат көзінің хабарлауынша жедел жәрдем көрсететін дәрігерлер ендігі жерде Lotus Evora арнайы көлігіне отыратын болады. GITEX көрмесінде аталмыш көлікті жұртшылықтың назарына ұсынған мамандардың айтуынша бұл жедел жәрдем көлігі әлем бойынша осы саладағы ең жылдам көлік болып табылады. Автокөліктің жылдамдығына сағатына 296 шақырымды құрайды. Мұндай көліктің құны да қымбат: 160 мың доллар тұрады. Аталмыш автокөлікте жедел жәрдемге қажеттінің бәрі бар: оттегі баллоны, дефибриллятор, т.б. ескерілген. Жедел жәрдемге арналған мұндай автокөлік талай адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Дер кезінде көмек көрсетіп үлгеруге таптырмайтын құрал.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады