Дүниеден баз кешкендерге мемлекет тарапынан жәрдем көрсетіледі
Дүниеден баз кешкендерге мемлекет тарапынан жәрдем көрсетіледі
1 жыл бұрын 952 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Кореяның гендерлік (жыныстық) теңдік және отбасы мәселелеріне жауапты министрлігі дүниеден баз кешіп, томаға тұйық өмір сүретін 9-24 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастарға айына 650 мың вон (корейлердің төл ақшасы, ұлттық валютасы) төлейтін болып шешті. Бұл шара өз кезегінде олардың әлеуметтік өмірге оралуы үшін қолға алынып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таңғы шық елінде 19-39 жас аралығындағы 350 мыңға тарта адам жалғызілікті өмір сүреді, дәлірегі, қоғамнан оқшауланып, ешкіммен араласпайды. Олардың дені қайырсыз отбасында дүниеге келген және олардың жартысы жасөсіпірм кезінен қоғамнан оқшауланып қалған. Аталған ел билігі мұнымен ғана шектеліп қалмай, олардың білім алуына және медициналық көмек алуына көмектеседі. Мәдени немесе қоғамдық іс-шараларға қатысқандарға қосымша төлем қарастырып отыр.

Оқи отырыңыз:

«Социофобия да биомаркері бар нақты аурудың бір түрі болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sotsiofobiya-da-biomarkeri-bar-naqty-aurudyn-bir-turi-bolyp-shyqty-16929/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат