|
Екі саусақ санына жетпейтін жылдарда мұсылмандар қарасы христиандар санынан асып түседі
|
2035 жылға дейін немесе енді бір тоғыз жылда ислам жамағатның саны христиандарды басып озатын дінге айналады. Ол ол ма, жамағатының саны жағынан өзге наным-сенім өкілдерінен де жоғары тұратын дінге айналады. Бұған мұсылмандар арасындағы туу көрсеткішінің жоғарылығы себеп болмақ. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Pew Research Center зерттеу ж»не талдау орталығының болжамына жөн сілтеген Deutsche Welle ақпарат көзіне сілтеме жассай отырып мәлім етеді. Pew Research Center мәліметінше, 2020-2025 жылдары туу коэффициенті бір мұсылман әйелге 3,1 баладан және бір христиан әйелге шаққанда 2,5 баладан айналған. Қалған дiни топтарда бала туудың орташа коэффициентi 1,6 белгiсiнде сақталды, бұл көрсеткіш әрбiр ұрпақ өсiмiн молайту үшiн қажеттi шама саналатын 2,1 деңгейден төмен. Аталмыш орталықтың есебінше, 2020 жылы әлемде 2,27 млрд христиан мен 2,02 млрд мұсылман болған. Болжам бойынша 2035 жылға қарай мұсылмандар саны 2,57 млрд-ты, христиандар саны 2,52 млрд-ты құрайды. 2070 жылға қарай аталған үрдіс сақталса, әлемде 3,6 миллиардтан астам мұсылман және 3 миллиардтан сәл аз христиандар болады. Болжамда халықтың жас құрылымындағы, туу көрсеткіштеріндегі, сондай-ақ, діни сенім мен көші-қонның өзгеру үрдістеріндегі айырмашылықтар ескерілген.
40 жылдан кейін христиандар АҚШ-та көпшілік борлудан қалады
Pew Research Center дерегінше, 40 жылдан кейін христиандар Құрама штаттарда көпшілік болудан қалады. Қазіргі уақытта олардың үлесіне АҚШ ересек халқының 62% келеді, 2065 жылға қарай көрсеткіш 50% -дан төмен түседі. Неміс ислам конференциясының мағлұматы бойынша Германия аумағында 5,5 млн-ға жуық мұсылман тұрады, олардың 3 млн-ға жуығы неміс азаматтығына ие.