Шотландия астанасында алғашқы мұсылман мектебі ашылады
Шотландия астанасында алғашқы мұсылман мектебі ашылады
10 сағат бұрын 221 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Единбург қаласында алғашқы мұсылман мектебі ашылады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Edinburgh News ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш білім ордасы келесі жылдың тамыз айында алғашқы оқушыларын қабылдайды. Стандартты білім беру бағдарламасымен қатар оқушылар Құран және оны түсіндірмесі сияқты ислам пәндерін, сондай-ақ, ислам әлемінің тарихын меңгеретін болады. Мектеп сайтында оқу орнының мақсаты «ислам атмосферасында теңдестірілген, бәрін қамтитын және қазіргі заманғы бастауыш білім беруді» қамтамасыз ету деп айтылған. Бастапқыда мектептің ашылуы 2023 жылға жоспарланған болатын. Бірақ, оны кейінге қалдыруға тура келді, себебі, Эдинбург қалалық кеңесі 30 жыл бойы кәсіподақ кеңсесі орналасқан ғимаратты мектеп етіп қайта құруға рұқсатты қайтарып алды.

0 пікір
Мұрағат