Cоғыс жерден тысқары таралуы мүмкін
Cоғыс жерден тысқары таралуы мүмкін
9 сағат бұрын 305 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар елдер арасындағы қақтығыстың Жерден тысқары аймақтағы сценариін моделдеді. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қарулы қақтығыс болашақта жер атмосферасының шегінен асып, Жер мен Ай арасындағы кеңістікке көшуі мүмкін. Қытайлық зерттеушілері ай маңындағы кеңістік ғарыш аппараттарының қарсы тұру аренасына айналатын сценариді қарастырды. Бұл тараптағы зерттеу ғарышты өз мүддесіне қарай игеруді мақсат ететін ғарыштық державаларға тиесілі аппараттардың бір-бірінің ізіне түсетінін, қыр соңынан қалмаған жасанды жер серіктерінің бақылауынан жалтару үшін түрлі маневр жасайтыны, қорғаныс шекарасынан өтіп, маңызды бағыттарды жабуға тырысатыны сипатталған. Мұндай қақтығыста күрделі гравитациялық ортасына байланысты траекторияларды болжауды қиындататын Айдың маңындағы кеңістік ерекше рөл атқаруы мүмкін. Ғалымдардың пікірінше, ғарыш аппараттары мұндай аймақтарды паналайтын орын ретінде пайдалануға қабілетті. Қолайлы сәтті күте отырып, олар траекториясын өзгерте алады және Жерге жақын орналасқан объектілерге қарай бағыт ала алады. Ғарыштағы текетіресте «тар жерлер» - отынды үнемдеуге мүмкіндік беретін немесе неғұрлым тиімді маршруттар өтетін аудандар маңызды болуы мүмкін. Мұндай аймақтарға аппараттарды орналастыру өз кезегінде өзге елдің ғғарыш аппаратының қозғалысын бақылауға және ол үшін қосымша қиындықтар туғызуға мүмкіндік берер еді. Бұл ретте қарсыластың аппаратына ықпал ету үшін тікелей қақтығысқа түсу міндетті емес. Зерттеушілердің айтуынша, тараптардың бірі екіншісін бағытын өзгертуге, тапсырманы орындау міндетін қиындатуға, жоспарланған ұшыру уақытынан бас тартуға немесе отынды көп жұмсауға мәжбүр етеді. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Дан Шаохуй ай маңындағы кеңістік үшін күрес жекелеген аппараттармен немесе орбиталармен ғана өрбімейтінін. Оның айтуынша, басты мақсат - ғарышқа қол жеткізу, оны бақылау және пайдалану, сонымен қатар, қарсыластың мүмкіндіктерін шектеу – мұндай әрекеттер державалардың ғарышты игеру позициясын нығайтуға мүмкіндік бермек. Әлеуетті қақтығыс сценарилері түрлі жолмен өрбуі мүмкін - жекелеген ғарыш аппараттарының соқтығысуынан бастап айға жақын кеңістіктің тұтас аудандарын бақылау үшін күреске дейін қамтуы ықтимал. Қарсылас тараптың ғарыштағы позициясын әлсіретуде қолданылатын қақтығыс құралдары  - жалған маневрлер, көз алдау және бұрмаланған ақпарат болуы мүмкін. Қандай да бір ғарыш державасы қарсыласқа тиесілі аппараттың отынды көп жұмсауға, өз жоспарларын ашуға немесе қойылған міндетті орындау мүмкіндігін жоғалтуға мәжбүрлеуі мүмкін. Сонымен қатар, ғалымдардың айтуынша, нақты ғарыштық соғыс теориялық үлгілерден әлдеқайда күрделі болуы мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат