|
Қан құрамындағы қант деңгейінің көтерілуіне әсер ететін тағы бір фактор анықталды
|
Ластанған ауа мен ауа температурасының көтерілуі мен төмендеуі де, тіпті, сусамырмен ауырмайтын сау адамдардың қан құрамындағы қант деңгейін арттыратын болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы Environment International мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Еуропалық ғалымдар бұл тарапта 21259 адамның денсаулығына қатысты деректерді талдаудан өткізген екен. Олар қоршаған ортаның жағдайын соңғы екі-үш айдағы қан құрамындағы қанттың орташа деңгейін көрсететін көрсеткішпен - гликирленген гемоглобин (HbA1c) деңгейімен салыстырып көрді. Ауаның, әсіресе, PM10 бөлшектерінің қатты ластану әсеріне ұшыраған адамдарда қандағы қанттың деңгейі жоғары болғаны анықталды. Осындай байланыс температураның көтерілуі және оның жиі ауытқуы кезінде байқалды. Бұдан басқа, ғалымдар анағұрлым жылы климатта ауа сапасының жақсаруы қан құрамындағы қант деңгейіне пайдасын тигізетінін анықтады. Зерттеушілер ауаның ластануы мен температураның өзгеруі қабынуды күшейтеді және организмнің инсулинге сезімталдығын төмендетеді, деп болжайды. Алайда, бұл тетіктер әлі ғылыми тұрғыдан расталған жоқ. Авторлар қоршаған ортаның сусамыр дертінің дамуынан бұрын организмнің зат алмасу процесіне әсер ететінін алға тартып отыр. Ал организмнің зат алмасы процесі баяулаған сайын денсаулыққа қатер төнетіні бұрыннан белгілі.