Інжілді елге әкелуге салынған тыйымды салық алмастырады
Інжілді елге әкелуге салынған тыйымды салық алмастырады
12 сағат бұрын 280 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Никарагуаға христиандардың киелі кітаптаын әкелуге тыйым салынатыны жазылған тақтайшалар елдің шекаралық бекеттері мен көлік тораптарынан алынып тасталды, алайда, «Шейттер үні» деп аталатын діни ұйымының пікірінше, бұл шара наным-сенім бостандығына рұқсат берілгенін білдірмейді. Бұл жайында islam.kz порталы inVictory ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Бұл елдің марксистік үкіметі киелі кітапты әкелуге салынған тыйымды киелі кітапқа салынатын салыққа ауыстырды», - деп мәлімдеді «Шейттер дауысы» ұйымының өкілі Хён Сук Фоли. Латын Америка елінің билігі мұндай қадамға, дәлірегі, Інжілге тыйым салуды салықпен алмастыру шарасына халықаралық ұйымдар тарапынан қатаң сынға ұшыраған соң барып отыр. Тегінде мұндай тыйымның пайда болуына не түрткі болды? Бұл елде христиандарға қарсы діни шектеулер 2018 жылы енгізіле бастады. Сол кезде католиктік ғибадатханалар наразылық шеруіне шыққандарға пана болып, медициналық көмек көрсеткен еді. Ал 2022 жылы нақты діни шектеулер барлық діни ұйымдарға қолданылды. Тіпті, 2024 жылдың тамыз айынан бастапп жұрттан түмкен садақаға да салық салынды. Никарагуаның билік басындағы Сандин ұлттық майдан партиясы атеистік және коммунистік бағытты ұстанады. Бұл елдегі католиктер қарасы халықтың 28-43%-н құрайды, протестанттар - 38-41%, ал халықтың 8-16% өздерін бірде-бір дінге жатқызбайды. Никарагуаның протестанттық шіркеулерінің 60-80 пайызы евангелиялық шіркеулер федерациясының билігіне бағынған. Никарагуа христиандарға қарсы қуған-сүргін көрсетіп келе жатқан әлемдегі санаулы елдердің бірі. Бақылаудан бастап, христиандардың ізіне түсу, аңду, репрессия, т.б.

0 пікір
Мұрағат