Жасанды зерде уақытты үнемдемейді, керісінше – ұзартады
Жасанды зерде уақытты үнемдемейді, керісінше – ұзартады
12 сағат бұрын 270 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жасанды зерде уақытты үнемдеуі тиіс еді,, алайда, технология жұмыс күнін ұзартатын болып шықты. Адам технологияның бұл олқылығын енді байқап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Gizmodo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кәсіби міндеттерді орындауды жеңілдетуі әрі уақытты үнемдеуі тиіс жасанды зерденің керісінше әсері енді байқалып отыр. Таяудағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, нейрожелілерді белсенді пайдаланатын қызметкерлер осындай технологияларды қолданбайтын әріптестеріне қарағанда бір жарым сағат артық жұмыс істеген. ActivTrak компаниясының сарапшылары жасанды зердені пайдаланудың жұмыс күнінің ұзақтығымен және кәсіби міндеттерді орындау сипатымен қалай байланысты екенін анықтау үшін 467 ұйымның 9000-нан астам қызметкерінің цифрлық белсенділігін зерттеп көрді. Бұл тараптағы зерттеу 2026 жылдың сәуір айынан қыркүйегіне дейін жүргізілді. Зерттеу нәтижесі нейрожеліге жиі жүгінетін қызметкерлер мен осындай құралдарсыз жұмыс істейтіндер арасында едәуір уақыт айырмашылығын көрсеткен. Атап айтқанда, жасанды зердені пайдаланатындар жұмыс тапсырмаларын орындау үшін күн сайын орта есеппен 8,4 сағаттан 9,1 сағатқа дейін жұмыс істеген. Нейрожелілерді пайдаланбайтын қызметкерлер арасында бұл көрсеткіш шамамен 7,6 сағатты құрады. АІ технологиясын белсенді пайдаланатындардың арасында да айтарлықтай айырмашылық байқалған. Бұл санатқа кем дегенде жекелеген бес сеанс аясында нейрожелілермен күніне 45 минуттан аса уақыт жұмыс істеген қызметкерлер жатқызылды. Ғалымдартехнологияның жұмыстың жалпы ұзақтығын ұлғайтудан басқа стандартты кестеден тыс қызметкерлерге қосымша салмақ салатынын анықтады. Жасанды зердені белсенді пайдаланатындар жұмыс уақытынан тыс кәсіби міндеттерге қалғандарына қарағанда орташа есеппен 18 минут артық жұмсайтын болып шықты. Мұндай «заңдылықтың» басқа да себебі болуы мүмкін. Жасанды зерде жекелеген операцияларды шапшаң орындауға мүмкіндік береді, алайда, осы үнемделген уақыт жаңа тапсырмалармен толықтырылып, жұмыстың жалпы көлемі біртіндеп ұлғаяды. Нейрожелі жұмысының нәтижелерін бақылау қажеттілігі де қосымша уақыт алады. Технология көмегімен пайда болған мәтіндер, есептер және басқа да материалдар тексеруді талап етеді, өйткені, жасанды зерде қателіктерінің салдары ауыр болуы мүмкін. Жасанды зерденің тиімділігіне қатысты мәселе бизнес үшін де өзекті болып қалуда. Басқа зерттеудің деректеріне сәйкес, генеративті AI технологиясына инвестиция салған компаниялардың 95%-ы тиісті жобалардан ойдағыдай экономикалық пайда көре алмады. Негiзгi кедергiлердiң iшiнде дайын шешiмдердi қазiргi жұмыс процестерiне ықпалдастырудың күрделiлiгi аталады. Қосымша шығыстар техникалық инфрақұрылыммен, құпия ақпаратты қорғаумен және құралдарды нақты міндеттерге бейімдеу қажеттілігімен байланысты.

Ұқсас материал:

Араб елі жасанды зердені пайдаланудағы кереғарлықты анықтады

 

0 пікір
Мұрағат