Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді
12 сағат бұрын 280 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Jean-Michel GARCIA / Unsplash

Өсімдік ақуызы биологиялық қартаю процесін баяулатып қана қоймай, саркопендік семіздік қаупін төмендететін болып шықты – денедегі артық май бұлшық ет массасы мен қуатын жоғалтады. Қытай ғалымдары осындай қорытындыға келді. Бұл жайында islam.kz порталы Frontiers in Nutrition мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу барысында білікті мамандар Қытай, Ұлыбритания және Америка құрама штаттарынан 15 мыңнан астам адамның деректерін талдады. Олар өсімдік және жануар ақуызын тұтынуды саркопендік семіздіктің даму қаупімен және биологиялық жас көрсеткіштерімен салыстырып көрді. Белгілі болғандай, өсімдік ақуызын неғұрлым көп тұтынса, саркопендік семіздік қаупін шамамен 14 пайызға төмендетеді. Жануар ақуызы үшін мұндай тұрақты байланыс табылған жоқ. Бұдан басқа, жануар ақуыздарының бір бөлігін тәуліктік калориясының 5 пайызын ғана құрайтын өсімдік ақуыздарымен алмастырса, саркопендік семіздік қаупін 34 пайызға төмендетеді. Ғалымдар, сондай-ақ, рационда өсімдік ақуызының мөлшері неғұрлым жоғары болса, арнайы есептік көрсеткіш бойынша биологиялық қартаю процесін 0,81-0,88 жылға баяулататынын анықтады.

0 пікір
Мұрағат