Зақымдалған көздің тор қабығын қалпына келтіру жолы табылды
Зақымдалған көздің тор қабығын қалпына келтіру жолы табылды
9 сағат бұрын 306 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Hryshchyshen Serhii / Shutterstock / Fotodom

Гендік терапия көз торшасындағы зақымдалған жүйке байланыстарын қалпына келтіруге және көру қабілетін жақсартуға мүмкіндік берді. Бұл жайында islam.kz порталы Molecular Therapy Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мичиган штатының университет ғалымдары жетілген тордың ұзақ уақытқа созылған ауытқулардан кейін де қайта қалпына келуге қабілетті екенін көрсетті. Зерттеушілер CaBP4 генінің кемістігінен туындайтын тұқым қуалайтын көру қабілетінің нашарлау себебін зерттеді. Бұл ген тордың жарық сезгіш жасушаларынан басқа жүйке жасушаларына сигнал беру үшін қажетті ақуыздың пайда болуына ықпал етеді. Мутациядан бұл процесс бұзылады, сондықтан адамның көру қабілеті бала кезінде де төмендейді. Бұл ретте аталған ем-дом көздің көру қабілетінің одан ары нашарлауын тоқтатып қоймай, сонымен бірге, көз торшасындағы көру сигналдарын беруге қажетті құрылымды қалпына келтірген.

0 пікір
Мұрағат