|
Электршанамен тауап жасады (видео)
|
Ғаламтор беттерінде скутермен тауап жасап жүрген бір қажының видеосы пайда болды. Әлеуметтік желілерде пікірлер екіге бөлініп, бірі жақтаса, енді бірі қолдау білдіре қоймапты. Біршамасы бұлай тауап жасаудың еш сөкеттігі жоқтығын айтады. Егер өзіндік себептері (денсаулығы нашар, аяғы ауыратын) болса дейді. Аталған видео бар болғаны 15 секундқа созылады. Мешіт әкімшілігі әлгі кісінің жағдайына қарап, скутермен тауап жасауға рұқсат беруі де, бермеуі де мүмкін. Ол жағы белгісіз, видеода көрсетілмеген. Егер бұлай болатын болса, онда көп қажылар осылай тауап жасауға көшуі мүмкін. Ал, бұл өз кезегінде қажылық парызын орындаушы өзге қажыларға кедергі келтіруі мүмкін деген пікірді алға тартады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр