|
Жануарлар әлемі: Улы жылан мен жыртқыш балықтың айқасы
|
Австралиялық балықшы Рик Трипп адамдардың назарына сирек шалынатын сәтті, дәлірегі, улы жылан мен жыртқыш балықтың айқасын таспаға тартып алып, ғаламторға орналастырған екен. Ол екеуінің ешқайсысы да тірі қалмағанына сенімді. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Су жануарларының бұл айқасы Дарвин гаванында орын алған. Рик Трипп оларды ажыратпақ болғанымен бір-біріне тістей қатып жабысып алған жылан мен балық балықшыға ырық бермеген. Оның сөзіне қарағанда, улы жылан аш болған және балықты жеген. Десе де, бұл балық улы болғандықтан жылан да өлген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды