|
ЕО тағам қаптамаларында бисфенолды пайдалануға тыйым салады
|
2026 жылдың шілде айынан бастап Еуропалық одақтың азық-түлік өнімдерінің қаптамасында бисфенолды пайдалануға рұқсат етілмейді. Аталған өнеркәсіптік химиялық зат адамның гормондық жүйесіне кері әсер ететіні белгілі. Бұл жайында islam.kz порталы немістердің Deutsche Welle ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Бисфенол А (BPA) - ЕО аумағында балалар құтысы мен термоқағаз чектерінде тыйым салынған өнеркәсіптік химиялық зат. Енді оны да тамақ қаптамасынан алып тастайды. Бисфенол А - поликарбонат, қатты әрі мөлдір пластик, сондай-ақ, эпоксидті шайыр өндіру үшін пайдаланылатын химиялық зат. Мұндай шайырлар, мысалы, тағам немесе сусын үшін жасалған банкалардың астарында кездеседi. Ол ыдысты тот басудан сақтайды және металдың тағаммен араласуына жол бермейді. Яғни, металдың әсерінен тағамның дәмі өзгеріп кетпес үшін қолданылады. Бисфенол, сондай-ақ, пластикалық пленкаларда, баспа бояулары мен желімдерінде кездеседі. Германияда жыл сайын орта есеппен 410 000 метрикалық тонна бисфенол өнімдері сатылады, деп хабарлайды Германияның ең ірі экологиялық үкіметтік емес ұйымдарының бірі BUND. Мұндай шектеу пластик су шөлмектері мен ас қораптарына да, асүй жабдықтарына да қатысты.
Бисфенол денсаулығымызға қалай зиян келтіреді?
Тағам контейнерлерінде бисфенол сияқты химикаттар пайдаланылған кезде аздаған мөлшері тағам мен сусынға түседі. Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі басқарманың (EFSA) дерегі бойынша бисфенол А, атап айтқанда, барлық жас топтарындағы адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді. Бисфенол, басқалармен қатар, демікпеге, сондай-ақ, аутоиммунды ауруларға әкелетін иммундық жүйенің белгілі бір тетіктерін өзгертуі мүмкін, деп хабарлайды EFSA. Бұған қоса, бисфенол жүрек-қан тамыры аурулары, диабет (сусамыр) және семіздік қаупін арттыруы мүмкін екенін көрсететін мәлімет те бар. Алайда, ең алдымен ол гормондық жүйенің жұмысына кері әсер етуі мүмкін. Осылайша, ол ерлердің және әйелдердің ұрпақ өрбіту қабілетін төмендетіп, жыныстық жетілуді немесе дамуын өзгертуі мүмкін. Ол, сондай-ақ, белгілі бір қатерлі ісік түрлерімен байланысты. Бисфенолдың гормонға әсері бұрыннан белгілі. Сондықтан А бисфенолының әйелдің негізгі жыныс гормоны - эстрогенді имитациялай алады. Бисфенол 1930-шы жылдары эстрогеннің синтетикалық баламасы таңдап алынды. Ақыр соңында зерттеушілер бисфенолға ұқсас молекулалық құрылымы бар DES (диэтилстилбестрол) эстрогеннің туындысына жүгінді. DES 1970-жылдарға дейін жүктіліктің асқынуы мен қабынуын емдеу үшін пайдаланылды. Алайда, DES кеуде обыры мен босануға байланысты асқыну қаупін, сондай-ақ, қынап обыры мен жатыр мойны обырының қатерін арттырады. DES-ті тағайындауға әрі пайдалануға 1971 жылы тыйым салынған. Еуропаның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттіктің бұл бағыттағы зерттеуіне тартылған 11 еуропалық елдегі ересектердің 92% -ның зәрінен бисфенол табылған. Америка құрама штаттарының ұлттық денсаулық сақтау агенттігінің 2003-2004 жылдары жүргізген зерттеуі 2500-ден астам адамның 93% -нан бисфенол іздерін анықтады. АҚШ-та азық-түлік қаптамасында бисфенолды пайдалануға жалпыұлттық тыйым жоқ. Дегенмен, 2012 жылы химикат балалар құтысынан, ал 2013 жылы - балалар қоспасының қаптамасынан алынып тасталды. Кейбір штаттарында термоқағазды пайдалануға тыйым салынады, ал Калифорнияда бисфенол деңгейі жоғары өнімдердің ескерту жапсырмалары болуы тиіс. ЕО-да EFSA А бисфенолын күндізгі қолдануды (TDI) 4 микрограмнан дене салмағының келісіне шаққанда 0,2 нанограммға дейін төмендетті - денсаулыққа қауіпсіз деп саналатын деңгей. BPA сияқты бисфенолдар, сондай-ақ, BPF және BPS сияқты ұқсас әсері бар заттар тіс пломбалары мен синтетикалық талшықтардан жасалған іш киімдерді қоса алғанда көптеген кең таралған өнімдерде бар. BPA, сондай-ақ ауада, шаңда және суда кездеседі. Алайда, мұндай химикаттар біздің органиізіміге түсу қаупі тағам және сусын контейнерлерінде пайдалану кезінде неғұрлым жоғары.