|
Еуроодақта алтын өндіруден қай елдің аты озып тұр?
|
Еуродақта алтын өндіруден Финляндияның аты озып тұр. Биыл бұл ел өткен жылы алдыңғы орынға шыққан Швецияны артқа тастаған. Бұл жайында goodnewsfinland.ru ақпарат көзі хабар таратты. Финляндияның Киттиля алтын кенінде жұмыс істейтін Канаданың «Agnico Eagle» компаниясы алтын өндірісін жылына 6 мың тоннаға дейін арттырған болатын. Өткен жылы канадалықтар аталмыш саланы дамыту үшін 80 млн еуро инвестиция құйған болатын. Биыл тағы 150 млн еуро қаржы құюды жоспарлап отыр. Бұл қаржы өз кезегінде алтын өндірісін және байыту процесін толық автоматтандыруға жұмсалады. Киттиля кенінде шамамен 500 жұмысшы нәпақасын айырып жүр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады