Еуропа елдері 60 000 босқынды өзара бөлісіп алатын болды
Еуропа елдері 60 000 босқынды өзара бөлісіп алатын болды
9 жыл бұрын 3338

Еуропа одағына мүше елдер әлемнің ең тыныштығы мен тұрақтылығы шайқалған Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінен келген 60 000 босқынды өзара бөлісіп алатыны туралы тоқтамға келді. Мұндай шешім жеті сағатқа созылған ЕО саммитінде қабылданды. Яғни, ЕО елдері Грекия мен Италияға енген 40 000 босқынды өз еркімен бөлісіп алатын болса, қалған жиырма мыңының мәселесін ЕО-ға мүше елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарай міндетті түрде орналастыру жолымен шешеді. Тек Венгрия ғана бұл ұсыныстан бас тартып отыр. Сол себепті, бұл елге босқындар кіргізілмейтін болды. Болгарияның экономикалық жағдайы сын көтермейтіндіктен бұл ел де босқындарды қабылдай алмайды. Босқындарды қабылдау мәселесінің тиісті өлшемдері үстіміздегі жылдың шілде айының соңына дейін қабылданып қалуы керек. Босқындарды бөлісу мәселесінде ЕО-ға мүше елдердің жалпы ішкі өнімі, халық саны секілді маңызды факторлар ескеріледі.

0 пікір
Мұрағат