|
Жерден нан қоқымын теріп жеп жүрген балалар Аллаға ғана сенеді
|
Сириядағы қырғынға байланысты жақын туған-туыстарынан айырылған мына екі ағайынды жеткіншек жердегі нан қоқымдарын теріп күнелтіп жүр. Жергілікті тұрғындардың бірі балаларға сұрақ қойып, таспаға түсіріп алған көрінеді. Екеуінің арасындағы ересектеуі қыз бала. Қасындағы інісі. Тағдыр тауқыметі ерте есейтсе керек, қойған сұрақтарға кішкентай қыз нақты әрі ересектерше жауабын беруде. Қанша қиыншылық көрсе де сабыр етіп, бір Алладан күдерін үзбеген. Бұл жағдайды сынақ деп қабылдап, тірі жанға өкпелері жоқ екенін айтады. Жақсылықты тек бір Алладан ғана күтетіндіктерін жеткізген оларға қарап тәнті боласың.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды