Халықаралық қылмыстық сот палестиналықтардың Израилге қарсы талап арызын қабыл алды
Халықаралық қылмыстық сот палестиналықтардың Израилге қарсы талап арызын қабыл алды
9 жыл бұрын 3516 Израилдік келімсектер палестиналық азаматты кергілеп жатыр

Халықаралық қылмыстық сот израилдіктер жаулап алған Палестина жеріндегі еврейлердің заңсыз әрекеттеріне қатысты түсірілген палестиналықтардың арызын қабыл алды. Бұл жайында «Associated Press» ақпарат агенттігі хабар таратты. Аталмыщ ақпарат көзінің хабарына қарағанда, талап арызды Халықаралық қылмыстық сотқа Палестинаның сыртқы істер министрі Рияд әл-Мәлікидің өзі тапсырған. Талап арызда израилдік келімсектердің заңсыз әрекетімен қатар ежелден палестиналықтардың атамекені болып табылатын Иордан өзенінің батыс жағалауына заңсыз жолмен қоныстанып жатқаны, өткен жылы Израилдің Газа секторындағы әскери қылмысы айтылған. Арызда айтылған фактілер бойынша алдын ала тергеуді Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Фату Бенсуденің өзі жүргізеді. Палестина мемлекеті Халықаралық қылмыстық сотқа үстіміздегі жылдыңғ яғни, 2015 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап мүше атанды. Аталмыш сотқа арыз түсірілуіне байланысты палестиналықтардың мәселесімен айналысатын арнайы комиссия құрылды.

0 пікір
Мұрағат