Еуропалық елде орамалға қатысты тағы бір шектеу енгізбекші
Еуропалық елде орамалға қатысты тағы бір шектеу енгізбекші
1 ай бұрын 324 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: sawajyamag.com

Франция президенті Еммануел Макронның өзі мүше партия өкілдері қоғамдық орындарда жасы 15-тен төмен қыздарға бастарына орамал тағуға тыйым салуды ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде News.am ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай бастама Франция президенітінің өзі тқрағалық еткен «саяси исламға» арналған үкімет жиналысында көтерілді. Бұрынғы премьер-министр, қазіргі Макронның «Қайта өрлеу» партиясының жетекшісі Габриел Аттал «15 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін қоғамдық орындарда хиджаб киюге тыйым салуды» ұсынды. Оның айтуынша, жас қыздар киетін мұсылмандық бас киімдер «гендерлік теңдікті және балаларды қорғауға елеулі нұқсан келтіреді». Габриел Аттал Le Parisien мерзімді басылымына берген сұхбатында қыздарын хиджаб киюге мәжбүрлейтін ата-аналарға қылмыстық жауапкершілікті енгізуді де қалайтынын жасырмады. Десе де оның бұл ұсынысы солшыл саяси күштер тарапынан қатаң сынға ұшырады. Парламентте социалистік партия атынан сайланған Жер Геж бұл ұсынысты «француз секуляризімін мұсылмандарға қарсы қою» деп бағалады.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6