|
Халықаралық ғарыш стансасында халал ас мәзірі пайда болады
|
Ресей Федерациясында тарихта алғашқы рет Біріккен Араб Әмірлігінің тұңғыш ғарышкері үшін арнайы ас мәзірін дайындалады. Дәлірегі, ресейлік "Ғарыш тағамы зертханасы" компаниясы араб ғарышкері Хаззаа әл-Мансұр үшін шариғат талабына сай арабтардың ұлттық тағамын дайындайтын болады. Тұңғыш араб ғарышкері қыркүйек айының 25-і күні ресейлік Олег Скрипоч және америкалық Джессика Меир әріптестерімен бірге "Союз МС-15" ғарыш кемесімен халықаралық ғарыш стансасына аттанады. Ол онда сегіз күн болып, қазан айының 3-і күні ресейлік Алексей Овчинин және америкалық Ник Хейг әріптестерімен жерге оралады. Халал ас мәзірі араб ғаршкеріне консервіленген әрі қалайы банкпен беріледі. Шариғат талабына сай халал ас мәзірі тамыз айының орта шенінде дайын болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандағы жасанды жаңбыр ойлағандай болмай шықты
■
Ғалымдар сілекей арқылы тісті қалпына келтіру жолын тапты
■
Еуропа елінде алғаш рет шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін студенттер жатақанасы ашылды
■
Биыл екі мұсылман елі арасындағы халал сауда деңгейі 29 млрд доллардан асады
■
Түркі елі халал стандартының бірыңғай тәртібін бекітеді