|
Имамдарға сақалдың қаншалықты ұзын болуы керектігі белгіленді
|
Тәжікстанның Хатлон облысына қарасты Дусти ауданында жергілікті мешіт имамдарына сақалды қаншалықты ұзын етіп өсіру шегі белгіленді. Аталмыш аудан хатибиятының басшысы Салохиддин Раджабзода сақалдың ұзындығы 3 сантиметрден аспауы керектігін алға тартқан. Оның айтуынша, сақалдың бұл ұзындығы тәжік халқының мәдениеті мен дінге сәйкес келеді. Жергілікті биліктің бұл пәрменіне аталған ауданның орталық мешітінің имам-хатыбы Насрулло Файзуллоев алғашқылардың бірі болып үн қатты. Ол 2012 жылы Тәжікстан ғұламалар кеңесінің бекіткен өлшеміне сәйкес келетінін мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, тек имамдарға ғана емес, мұндай шектеу мектеп қабырғасында білім беретін ұстаздарға да қатысты қарастырылған екен: тек жасы елуден асқандар ғана сақал өсіре алады.