|
Қорыққанға қос көрінеді...
|
Facebook әлеуметтік желісінде мұсылмандарға қаны қас исламофобтар мен ультроңшылдар қоғамдық көліктің орындықтарын, дәлірегі, автобустағы орындықтарды бастан-аяқ қара жамылып, тұмшаланып алатын араб әйелдерімен шатастырып, әбден шатасты. Тарқатып айтқанда, норвегиялық «Fedreland viktigst» оңшыл радикалды топтың парағына фотограф Йохан Слаттавик қалжың үшін автобустағы орындықтардың суретін жариялап жіберген ғой. Қызық болғанда, оңшыл радикалдар оның бұл жазбасынан құты қашып, жанжал шығарған. Бұл жайында Evening Standard ақпарат көзі хабар таратты. Ал фотограф болса, оңшыл радикалдардың бұл әрекетіне шегі қатқанша күлгенін жеткізді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды