|
Ингушетия басшысы нағыз еркектің қалай киіну керектігін көрсетті (ВИДЕО)
|
Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуров «Твиттер» әлеуметтік желісінде нағыз еркектің қалай киіну керектігін ұқтыратын видео жариялады. Бұл видеосында ол баланың бас киіміндегі помпонды кесіп алып тастайды. Бұл жайт ел басшысының елді-мекендердің біріне келген кезде орын алған еді. Жанында еріп жүрген баладан ол: «Сен кімсің, ұлсың ба әлде қызсың ба?» деген сауал қояды. Баланың ұл екенін білгеннен кейін әлгіндей әрекетке барып, нағыз еркектің қалай киіну керектігін ұқтырғандай болды: «Кей мәселелерде мен консервативпін»,- деп түсіндірді ол артынша бұл әрекетін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды