Иран режимінің өміршеңдігінің құпиясы айтылды
Иран режимінің өміршеңдігінің құпиясы айтылды
38 минут бұрын 19 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Majid Saeedi / Getty Images

Иран режиімінің өміршеңдігін сақтауда шиғалар доктринасына негізделген иедология негізгі рөл ойнайды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ресей ғылым академиясының шығыстану институтының араб және исламды зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, гуманитарлық ғылымдар академиялық университетінің шығыстану факултетінің деканы Григорий Лукьяновтың мәлімдемесіне жөн сілтеген Lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. "Бұл доктрина ирандықтарды толғандыратын сауалдарға түсінікті жауаптар береді, сондықтан жүйенің сенімді тірегі болып қала береді. Оның төңірегінде ирандық әскери, саясаткерлер мен азаматтар топтасып, келіспеушіліктерді еңсеруде", - деп түсіндірді ол. Шығыстанушының айтуынша, осы идеология үшін ирандықтар өз өмірлерін құрбан етуге дайын. Бұл ретте елдің саяси жүйесі де тұрақты болып шықты, себебі, ол ондаған жылдар бойы қалыптасты. «Бұл әлеуметтік лифтілері бар тармақталған және көп деңгейлі жүйе, тежеу мен тепе-теңдік жүйесі дамыған, ең бастысы - қоғамда тамыр жайған жүйе», - деп атап өтті сарапшы.

0 пікір
Мұрағат