Ирандағы ауған факторы
Ирандағы ауған факторы
5 ай бұрын 814 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Иран мен Израил арасында  12 күнге созылған таяудағы қарулы қақтығыстан кейін аятолла билігі елдегі ауған босқындарын еліне жаппай қайтару қамына кірісіп кетті. Бұл жайында islam.kz порталы Sunday Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сәл шегініс: парсы еліндегі ауған мигрнаттарының денін тәліптер қозғалысының билік басына келгеннен кейін Иран жеріне өткен ауғандардан тұрады. Бұл жолы Иран аумағынан шамамен 4 млн ауған мигранты елден шығарылайын деп жатыр. Осы заманғы тарихтағы алғашқы ең ауқымда депортация ретінде қалатын бұл науқанның саяси астарын іздеген сарапшылардың пікірінше, қақтығыс кезінде Израил мүддесіне қызмет етіп ұсталған ауғандар қарасы көп болған.  Дәлірегі, ақшаға тыңшылық жасап, деректерді  Израилдің құпия қызметтеріне жөнелткен. Бұдан бөлек, есірткі қылмысымен байланысты көзге түскен ауғандар да Иран билігін осындай қадамға итермелеуі мүмкін. Нақты ауқымы мен келтірген шығыны айтылмаса да ауған мигранттары күнкөріс үшін түрлі қылмысқа барып, Иран билігінің ашуына тиген. Ішкі қауіпсіздікке қатер төндірді деген желеумен жаппай депортациялау науқанынан биыл 1 млн-ға тарта ауған азаматы еліне қайтарылған. Десе де сарапшылар Иран билігінің ауған мигранттарын өз мүддесіне пайдаланғанын да алға тартып отыр: азаматтық соғыс өрті шарпыған Сирия мен Иракта ауған мигранттарынан қарулы жасақтар құрып, түрлі әскери операцияларды жүктеген болатын. Есесіне мұндай қарулы жасақтарға тартылған ауған босқындарына баспана, азаматтық, елде тұру құқығы берілген еді.

0 пікір
Мұрағат