Исламофобия өршіп тұрған елде мұсылмандарды кемсітуге қатысты статистикалық дерек алғаш рет төмендеді
Исламофобия өршіп тұрған елде мұсылмандарды кемсітуге қатысты статистикалық дерек алғаш рет төмендеді
1 жыл бұрын 1223 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америка-ислам қатынасы жөніндегі кеңес (CAIR) өткен жылдың қорытындысын шығарып, есебін жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Agency ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. CAIR 2022 жылы мұсылмандардың азаматтық құқықтарын бұзу фактілері бойынша 5156 шағымын тіркеген екен, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 23%-ға аз. Аталған ұйымның хабарлауынша, бұл мәлімет өз кезегінде 1995 жылдан бері осы статистика тарихында исламофобиялық оқиғаларға байланысты шағымдардың алғашқы азаюынан  хабар береді. Мұсылмандардың азаматтық құқықтарын бұзудың ең көп тараған түрлеріне құқық қорғау, білім беру салаларындағы, спорт, әуежай, банк, еңбек нарығы, Федералды тергеу бюросы тарапынан жауап алу және өшпенділікпен жасалған кемсітушілік жатады. Атап айтқанда, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар тарапынан кемсітушілікке қатысты шағымдар саны 38%-ға азайса, мектептердегі исламофобиялық оқиғаларға қатысты шағымдар саны 63%-ға өскен.

0 пікір
Мұрағат