Испанияда Ораза айт пен Құрбан айтты мерекелеуге шектеу қойылды
Испанияда Ораза айт пен Құрбан айтты мерекелеуге шектеу қойылды
4 ай бұрын 979 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Испанияның оңтүстік-шығысында орын тепкен Мурсия провинциясындағы Хумилия қаласының билігі жергілікті мұсылмандарға екі маңызды мерекені – Ораза айт пен Құрбан айтты атап өту мүмкіндігін шектеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Guardian мерзімді басылымына жөн сілтеген IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Испанияда мұндай тыйым алғаш рет орын алып отыр. Бұл бастаманы халық христиан демократиялық партия мен Vox әсіре оңшыл партиясы жергілікті солшылдардың қаосылығына қарамастан мақұлдаған. Жаңа ереже бойынша мұсылмандардың мерекелік намазға ғибадат ғимараттарына жатпайтын үй-жайларды пайдалануға құқығы жоқ. Бұл арада мұсылмандар әдетте мерекелік намазға кеңінен қатысатын қоғамдық орталықтар мен спорт залдар турасында сөз болып отыр. Испан ислам ұйымдарының федерациясы бұл жаңашылдықты кемсітушілік пен исламофобияның көрінісі ретінде бағалады және айыптады. Сондай-ақ, Хумильяның бұрынғы мэрі Хуан Гвардиола да қаладағы ескерткіштердің бірқатарын кезінде мұсылмандар салғанын, қаланың мұсылман мұрасына бай екенін еске салды. Қала билігінің бұл солақай шешімі Испанияның конституциясына қайша келетініне байланысты қайта қаралуы мүмкін сотта. Хумильяда 27 мыңға жуық адам тұрады, олардың 7,5%-ға жуығы ислам дінін ұстанады.

0 пікір
Мұрағат