|
Түркия Африкада ғарыш айлағын салады
|
Түркия билігі Африка құрлығында, дәлірегі, Сомали аумағында ғарыш айлағын салуды жоспарлап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жалпы құны 350 млн долларға бағаланған бірегей жобан жүзеге асыруға екі шамамен екі жылдай уақыт кетеді. Сомали билігі түріктерге бұл мақсатта Үнді мұхитының жағалауынан 900 шаршы шақырым аумақты бөліп берді. Көп ұзамай азаматтық және әскери мақсаттарда (соның ішінде баллистикалық зымыран ұшырады) пайдаланылатын болашақ ғарыш базасының инфрақұрылымына тендер жарияланады. Бұл жоба аясында Сомалиде қазіргі уақытта Түркияда құрастырылп жатқан, ұшу қашықтығы 2 мың шақырымға жететін зымыранды сынақтан өткізеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды