|
Израилдік келімсектер палестиналық қарияны өзінің зәйтүн алқабынан қуып шықты (видео)
|
Палестинаның Халид Нәжі Шаһад есімді қарт тұрғыны бір түнде зәйтүн алқабынан айырылып қалды. Израилдік келімсектер кесірінен. Келімсектер қарияны туған жерінен қуу үшін оның зәйтүн алқабын бір түннің ішінде талқандап кеткен екен. Бұл келеңсіз оқиға Вифлеем маңындағы Жаба ауылдық елдікенінде орын алған. Жиын-терін науқаны кезінде бір түнде табаны күректей 20 жыл бойы балалары үшін өсіріп, күтіп-баптап келген зәйтүн алқабынан осылайша айырылып қалды. Соңғы уақытта Иордан өзенінің батыс жағалауында келімсектер заңсыз қоныстанып жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандағы жасанды жаңбыр ойлағандай болмай шықты
■
Ғалымдар сілекей арқылы тісті қалпына келтіру жолын тапты
■
Еуропа елінде алғаш рет шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін студенттер жатақанасы ашылды
■
Биыл екі мұсылман елі арасындағы халал сауда деңгейі 29 млрд доллардан асады
■
Түркі елі халал стандартының бірыңғай тәртібін бекітеді