Әлем бойынша адам денесінің қызуы төмендеп келеді
Әлем бойынша адам денесінің қызуы төмендеп келеді
4 жыл бұрын 4450 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Калифорния университетінің антропологтары күллі әлемде адам денесінің қызуы біртіндеп төмендеп келе жатқанын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі осы тақырыпта ғылыми-талдау материалы жарияланған Sciences Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осыдан шамамен екі ғасырдай бұрын Карл Вундерлих есімді неміс ғалымы адамның қалыпты дене қызуы Цельсия бойынша 37 градус болатынын атап кеткен еді. Алайда, бүгінде бұл көрсеткіш өзгерген. Мәселен, Ұлыбританияда 2017 жылы дені сау адамның орташа дене қызуы 36,6 градус болса, 2019 жылы Калифорнияға қарайтын Пало-Альто қаласында бұл көрсеткіш 36,4 градус болған. Ал Боливиядағы циман ұлысының өкілдерін қадағалау барысында да осыған ұқсас өзгерістің орын алғанын айта кету керек: 16 жыл ішінде олардың қалыпты дене қызуы ыл сайын шамамен Цельсия бойынша 0,05 градусқа төмендеп отырған әрі бүгінде бұл көрсеткіш 36,6 градусты құрап отыр. Бір қызығы, әлемнің өзге аймақтары мен елдерінде адамның дене қызуына қатысты өзгеріске шамамен екі жүз жылдай уақыт кетсе, аталған ұлыста жиырма жыл ішінде орын алған. Мұның сыры неде? Ғалымдар осыған байланысты мынадай гипотезаны алға тартып отыр: барлық кілтипан – тазалық талаптарының жақсаруында, медициналық жетістіктерде жатыр – адамдар дене қызуының көтерілуіне себеп болатын аталған факторлар бойынша созылмалы қабыну процесінен арыла бастаған. Ғалымдар бұл гипотезаның шындыққа қаншалықты жақын екендігіне көз жеткізу үшін ауқымды зерттеу жүргізіп көреді: олардың қолында 16 жыл бойы медициналық тексеруден өтіп келе жатқан 5481 адамға қатысты деректерді сараптайды. Ғалымдар алдымен олардың дене қызуын өлшеу үшін бірдей термометрді қолданады. Бірқатар инфекциялық жағдайда дене қызуы жоғары көтерілгенімен одан айығу процесі барлық өзгерістерді түгел қамтып түсіндіріп бере алмаған еді. Бұдан бөлек, талай жылдарға созылған тексеру барысында ауырмаған адамдардың да дене қызуы біртіндеп төмендегені байқалған. Адам дене қызуының төмендеуіне әсер ететін өзге факторлар арасында антибиотиктер мен организмнің қабынуына қарсы дәрі-дәрмектер де назардан тыс қалған жоқ. Ғалымдардың айтуынша, жоғарыда аталған факторлардан бөлек соңғы жылдары адам организімнің дене қызуын реттеу функциясының орнын кей жағдайларда, мәселе, жаз мезгілінде желдеткіш, ал қыста жылу беру жүйесі алмастырып отыр. оғарыда аталған циман тайпасында дене қызуының төмендеуіне септігін тигізіп отыр деген осы заманғы өркениет игіліктері болмағанымен аталған тайпа өкілдері тұратын Боливияда жыл бойы жылы. Байқасаңыздар, адам дене қызуының төмендеуінің нақты себебі айқындалмаған, алайда, жоғарыда аталған түрлі факторлар есебінен орын алып отыр деп айтуға бола ма?! Десе де адамның орташа қалыыпты дене қызуы – адам денсаулығының ортақ көрсеткіші болғандықтан оны ұдайы қадағалап отырудың маңызы зор.

Ұқсас материал: «Адамның қалыпты дене температурасы соңғы 150 жылда төмендеген» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-qalypty-dene-temperaturasy-songy-150-jylda-tomendegen-12998/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат