|
ЖАҒАЖАЙДАҒЫ ИСЛАМОФОБИЯЛЫҚ ТЫЙЫМДАР
|
Француздар елінің Канна қаласындағы жағажайда мұсылман әйелдеріне буркини (шариғат талаптарына сай тігілген суға түскендегі киім) киюге тыйым салынып отыр. Аталмыш ережені бұзғандарға 38 евро (42 доллар) көлемінде айыппұл салынады. Қала мэрі Давид Лиснардың айтуынша, жабық киім «әдеп ережелері мен зайырлылық қағидаттарына сай келмейді және гигиена мен қауіпсіздік шарттарына сәйкес емес» көрінеді. Сондай-ақ, ол белгілі бір дінге қатысты киімдер қоғамдық тәртіпті бұзатынын алға тартып отыр. Айта кетейік, буркиниге тыйым 2014-жылы Марокко елінде салынған болатын. Бір қызығы, Марокко тұрғындарының 99 пайызы Ислам дінін ұстанатындар еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды