Жаһандық халал экономикадағы ең жылдам өсіп келе жатқан сала аталды
Жаһандық халал экономикадағы ең жылдам өсіп келе жатқан сала аталды
18 сағат бұрын 191 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Mastercard-CrescentRating Global Muslim Travel Index дерегіне сәйкес халал туризмнің әлемдік секторы 2026 жылы нарықтық құны 280 миллиард долларға жетіп, 15% -ға айтарлықтай өскен. Бұл саланың қарқынды түрде өсуіне мұсылман саяхатшылары санының артуына және мұсылмандарға бағдарланған туристік қызметтердің кеңеюіне байланысты болды. Бұл жайында islam.kz порталы halalfocus.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұсылман саяхатшылары 2026 жылы халықаралық сапарға шамамен 280 миллиард доллар жұмсаған екен, бұл көрсеткіш 2025 жылмен салыстырғанда 240 миллиард доллар. Мұсылман саяхатшыларының саны 160 миллион адамға жеткен. Индонезия, Малайзия, Түркия, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері мұсылман саяхатшылары үшін ең танымал бағыттар болып қалуда. Аталмыш сектордың дамуы, сондай-ақ, халал бойынша сертификатталған қонақ үйлер мен мейрамханаларды, намаз бөлмелерін қоса алғанда, мұсылмандарға бағытталған инфрақұрылымға инвестициялардың ұлғаюымен қолдау табады. «Халал туризм секторы - мұсылман саяхатшылары табысының өсіп келе жатқанын көрсететін әрі әлемдік туристік индустрияның ең жылдам дамып келе жатқан сегменттерінің бірі.» - деп мәлімдеді CrescentRating ұйымының бас директоры. 2028 жылға таман бұл сектордың табысы 350 миллиардқа жетуі мүмкін лорташа есеппен алғанда.  Бұған демографиялық оң процестер және туристік инфрақұрылым мен мұсылмандарға бағдарланған қызметтерге инвестициялардың молынан тартылатыны себеп болмақ.

0 пікір
Мұрағат