Жаһандық халал тағам нарығы 2,5 трлн доллардан асты
Жаһандық халал тағам нарығы 2,5 трлн доллардан асты
18 сағат бұрын 177 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаһандық ислам экономикасының жай-күйі туралы соңғы баяндамада қамтылған мәліметке сәйкес халал азық-түлік пен сусындардың әлемдік нарығы 2,5 триллион доллардан асқан. Бұл жайында islam.kz порталы halalcs.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл меже сапалы және қауіпсіз тағам өнімдеріне мұсылман тұтынушылар мен мұсылман еместер тарапынан өсіп келе жатқан сұранысқа негізделген шариғат талаптарына сай әзірленген азық-түлік өнімдері секторының тұрақты түрде өсіп келе жатқанын көрсетеді. Мұндай өсім бірнеше факторлармен айшықталады, соның ішінде халал сертификаты бар өнімдерді кеңейту, ірі азық-түлік компанияларының халал нарығына шығуы және тұтынушылардың халал стандарттары туралы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігінің ұлғаюы. Халал тағамдарының негізгі нарықтарына Индонезия, Малайзия, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кіреді, айтарлықтай өсім Еуропа мен Солтүстік Америкада да байқалды. Халал азық-түлік нарығы алдағы бес жыл ішінде жыл сайын 6-8% өсуін тоқтатпайды. Баяндамада 2030 жылға қарай халал азық-түлік және сусындар нарығы 3,5 триллион долларға жетуі мүмкін екендігі айтылған. Бұған демографиялық үрдістер, тұтыну шығындарының өсуі және халал сертификаттау стандарттарының кеңеюі ықпал етеді. Шариғат талаптарына сай әзірленетін азық-түлік – жаһандық халал эконмиканың негізгі тірегі.

0 пікір
Мұрағат