Жаһандық халал нарығының өсу қарқыны ең жоғары сегменті 2035 жылы қандай белесті бағындырады
Жаһандық халал нарығының өсу қарқыны ең жоғары сегменті 2035 жылы қандай белесті бағындырады
2 сағат бұрын 44 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Халал азық-түлік нарығы күллі әлемде қауіпсіздіктің жаңа стандартына айналып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы The Halal Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаһандық нарықты зерттеумен айналысатын косалтинг саласындағы жетекші IMARC Group компаниясының соңғы талдау нәтижесіне сәйкес шариғат талаптарына сай азық-түлік нарығындағы айналым 2024 жылы 2,71 триллион доллар құрады, ал 2025 жылы халал тағамдарының жаһандық нарығы 5,91 триллион долларға жеткен, яғни, 2025 жылы 8,92% -ға өскен. 2035 жылға қарай аталмыш нарық 6,5 триллион долларға жетуі мүмкін. Бұған демографиялық өсім, саламатты өмір салтын ұстаушылар санының артуы, нарықты қолдауға қатысты саяси шешімдер ықпал етпек. Бұл факторлар кәсіпкерлер, инвесторлар немесе тұтынушылар үшін нақты жол картасы іспетті. Әлбетте, негізгі фактор - демография. Бүгінде, Pew Research мәліметіне қарағанда, исі мұсылман шамамен 2 млрд адамды құрап отыр, ал 2035 жылға таман олардың қарасы шамамен 2,4 млрд-қа жетеді. Яғни, адамзаттың шамамен 28 %-ын құрайды. Бұл орасан зор нарық. Бұған қоса, өнімнің тазалығы пен қауіпсіздігіне жете мән беретін мұсылман емес тұтынушылар санының артып келе жатқаны тағы бар. Екінші факторға сарапшылар урбанизаәия мен электронды коммерцияны жатқызып отыр. Қаладағы қарбалас тірлік шапшаң дайындалатын тағамдарға  тапсырысты көбейтуде, ұалта телефонының қосымшасы арқылы алдырады. Пандемиядан кейін халал тауарларды онлайн сату мөлшері күллі әлем бойынша 25%-ға артқан. Соның ішінде ең жылдам өсіп келе жатқан сегменттер - қайта өңделген өнімдер,  жыл сайын 10-12% -ға ұлғаюда. Дайын тағамдар мен мұздатылған тағамдар халал сертификатыне ие ірі брендтер мен қалалық өмір салтының арқасында өркендеп келеді. Сүт өнеркәсібі де ерекшеленеді: шариғат талаптары бойынша сертификатталған ірімшік, йогурт және қоспалар, әсіресе, Таяу Шығыс аймағы пен Солтүстік Африкада едәуір таралған. Бұл өлкелерде 2030 жылға қарай сүт өнімдерінің нарығы орташа жылдық өсу қарқыны 4,6% сақталған кезде 24,46 миллиард долларға жетеді. Азия-Тынық мұхиты өңіріне келсек, 2035 жылға дейін халал тағамдар нарығының өсу көрсеткіші 50 %-дан асады. Бұған осы аймақтағы екі мұсылман елі - Малайзия мен Индонезияның ықпалы зор болады. Аталған екі мемлекет халал хабын қалыптастырады, салықтық жеңілдіктер ұсынады, т.б. шараларды жүзеге асырады. Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка жан басына шаққандағы шығындары жоғары премиум сегменті болып қала береді, ал Сауд Арабиясының Vision 2030 сияқты саясаты импортқа тәуелділікті азайтып, өңірдегі сүт өнімдерін 2035 жылға қарай 85 миллион тоннаға дейін ұлғайту үшін жергілікті өндіріске миллиардтаған қаржысын құяды. Еуропа мен Солтүстік Америкаға келсек, Ұлыбританияда халал қой еті жалпы сату мөлшерінің 30% -ын құрайды, бір қызығы, мұсылмандар халықтың тек 6,5% -ын құрайды, бұл арада мұсылман емес тұтынушылардың шариғи талаптарға сай әзірленген өнімдерге басымдық беретіні осы нарықтың өсіп-өркендеуіне үлес қосады. Халал тағамдар нарығының жолын бөгейтін негізгі кедергілерге тоқталса, әр елдің халал стандарты әрқалай болып келеді. Арадағы айырмашылық халал нарығының аяғына тұсау болып отыр. Бір-бірін мойындай бермейді. Бұған өздерінің ішкі нарығын қорғау, т.б. секілді саяси факторлар әсер етуде. Екіншіден, логситика мен инфрақұрылым. Халал тауарлардың тасымалдану процесін қадағалау қиындық тудыруда.

0 пікір
Мұрағат