|
Жануарлар әлeмі: Қыли көз мысық Instagram жұлдызына айналды (фото)
|
Бам есімді мұңды қыли көз мысық Instagram жұлдызына айналды. Бұл туралы Mashable хабарлайды. Бам және тағы 4 мысықты Калифорнияның Сан-Диего қаласындағы жұмысшылар құтқарып қалған. Олар сол сәттен бастап жануардың ерекшелігін байқаған. Оның көздері қыли және бет-жүзі ерекше болғандықтан мұңды болып көрінеді. Ал мекеме қызметкерлері мысықтың өте көңілді екенін және адамдармен тез тіл табысатындығын айтуда. Өзінің ерекшелігінің арқасында үй жануары Instagram жұлдызына айналды. Бір айға жуық уақыттың ішінде оның аккаунтына 3000-нан астам адам тіркелген.


Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Пакеттер мен тауар қаптамаларында Алланың 99 есімін жазуға (басуға) тыйым салынады
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді
■
Бүкіл әлемдік банк сарапшысы Малайзияның үш жетістігінің бірі ретінде халал экономиканы қалыптастырғанын атады
■
Saudia әлемдегі алғашқы қажылардың денесін салқындататын ихрам әзірледі (видео)